Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик әлемдік рейтингте жоғары көтерілді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) жаңартқан рейтингте А.Бублик 50-ден 46-орынға шықты.
Тағы бір қазақстандық Тимофей Скатов 129-дан 134-ке сырғыды.
Сербиялық Новак Джокович бұрынғыша көш бастаса, испаниялық Карлос Алькарас екінші, грекиялық Стефанос Циципас үшінші сатыда.
Жұптық сында Андрей Голубев 44-тен 51-ге, А.Бублик 164-тен 181-ге төмендесе, Александр Недовесов 68-орнында қалды.
А.Бублик осы аптада Дубай ATP 500 турнирінде өнер көрсетеді. Ол ертең алғашқы айналымда рейтингте 301-орындағы болгариялық Александр Лазаровпен кездеседі.
Әйелдер арасында Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина WTA рейтингісінде 10-орнын сақтап қалса, Юлия Путинцева 46-сатыда тұр.
Үздік үштікте өзгеріс жоқ: Польша өкілі Ига Швентек, белоруссиялық Арина Соболенко, америкалық Джессика Пегула топ бастауда.
Жұптық сында Анна Данилина 25-тен 26-ға ауысса, есесіне Е.Рыбакина 114-тен 97-ге бір шығып, ТОП-100-ге кірді.
Еске сала кетейік, бүгін Қазақстандық теннисшілер халықаралық турнирдің іріктеу сайысында өнер көрсетіп жатқандығын хабарлаған болатынбыз.