Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева алаяқтар жасанды интеллектінің көмегімен дауысын салып, ақша сұрап жүргенін мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Министр бейтаныс нөмірлерді бұғаттап отыру керек екенін атап өтті.
Кейінгі уақытта белгісіз біреулер менің атымнан таныс және бейтаныс адамдарға жасанды интеллектінің көмегімен дауыстық хабарламалар жіберу жағдайлары жиілеп кетті. Сіздерден осындай хабарламаларды елемеуді, бейтаныс нөмірлерді бұғаттауды сұраймын. Бұл – алаяқтардың әрекеті. Алданып қалмаңыздар, - деп жазды министр.