Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

4 Қыркүйек 2023, 11:36 729

Қазгидромет алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады,

Алдағы күндері республиканың басым бөлігінде жаңбырлы, салқын ауа райы және екпінді жел сақталады. Еліміздің солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысында кейде қатты жаңбыр жауады, Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда жауын-шашын болады, 5 қыркүйекте қатты жауын-шашын жаңбыр мен жылбысқы қар түрінде болады.

Оқи отырыңыз:

Еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында түнгі және таңертеңгі уақытта тұман болады деп болжануда. Еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында ауа температурасы түнгі уақытта 2-10 жылы, күндіз 10-20 жылыға дейін көтеріледі.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: