Алдағы үш күнде жел күшейіп, жаңбыр жауады

17 Мамыр 2023, 16:53 944

Қазгидромет мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігінің ауа райын Оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальді бөлімдер айқындайды, жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

18-20 мамырда солтүстік-батыста, орталықта, 18-19 мамырда оңтүстікте, 18-20 мамырда еліміздің оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр болады деп болжануда. Сондай-ақ республика бойынша желдің күшеюі күтілуде.

Қазақстан бойынша температуралық фонның жоғарылауы болжануда. Республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында түнгі уақытта 3 градусқа дейін үсік болжанады.

EL.KZ
Бөлісу: