Алдағы үш күнде тұрақсыз ауа райы сақталады

1 Ақпан 2023, 14:01 963

Алдағы үш күнде республиканың солтүстік жартысы әлі де жоғары қысымды өрістің ықпалында болады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлімдеді.

Қазақстанның батысында негізінен қар, шығыста - төмен қарлы боранмен қар, ал республиканың оңтүстік жартысында - жауын-шашын, кейде жаңбыр мен ылғалды қар түрінде қатты жауын-шашын болады.

Сондай-ақ оңтүстік аймақтардағы ауа температурасы күндіз 7-12 жылуға дейін көтеріледі. Елдің солтүстігі мен оңтүстігінде - тұман, оңтүстігінде - жел күшейеді.

EL.KZ
Бөлісу: