Алдағы үш күнде республиканың басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады

9 Мамыр 2023, 13:24 716

Қазгидрометтің синоптиктері алдағы үш тәулікке – Жеңіс күнінен бастап жұмыс аптасының соңына дейін ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Синоптиктердің болжамынша, Қазақстанның оңтүстігінде және орталығында атмосфералық қысымның жоғарылауына қарамастан, республиканың басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады.

Республиканың басым бөлігіне әлі де атмосфералық ағымдар әсер етеді, ауа райы құбылмалы болады, найзағай ойнап, жаңбыр жауады, бұршақ түсуі мүмкін.

Жеңіс күні атмосфералық қысым Қазақстанның оңтүстігінде, орталығында жоғарылайды. Күн ашық болады, ауа температурасы көтеріледі.
Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл тұрады.

Асқар Таудай
Бөлісу: