Алдағы үш күнде Қазақстанда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды

12 Тамыз, 14:36 538

СиноптиктерҚазақстанда 13-15 тамыздағы ауа райы солтүстік атлантикалық циклонға байланысты болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстанның басым бөлігінде күн құбылып тұрады, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, екпінді жел соғады, бұршақ жауады.

13 тамызда еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, 14-16 тамызда батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте қатты жаңбыр жауады. Қазақстан бойынша жел күшейеді. Қазақстанның оңтүстігінде және шығысында күндіз +35+38°C қатты ыстық күтіледі, термометр +18+26°C-тан +22+33°C-қа дейін ауытқиды.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: