Алдағы үш күнде аяз әлсірей ме?

19 Ақпан, 13:48 21908

Қазгидромет 2024 жылғы 20-22 ақпанға жасалған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Синоптиктер арктикалық антициклон Қазақстанның солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында және орталығында аязды ауа райын ұстап тұрғанын мәлімдейді. Алайда оңтүстік циклонға байланысты еліміздің батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қар жауып, бұрқасын күтілуде, таулы аймақтарда қалың қар жауады, сондай-ақ республиканың оңтүстік-шығысында аяздың беті қайтады.

Бұл ретте ауа температурасы батыста – түнде 10-25 градус, күндіз 5-15 градус аязға дейін, республиканың солтүстік және орталық аймақтарында ауа температурасы түнде 28-38, күндіз 15-23 аяз, шығыс өңірлерде түнде 32-45, күндіз 20-32 аяз, республиканың оңтүстік-шығысында температура түнде 15-25, күндіз 0-13 аязға дейін біртіндеп көтеріледі.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: