Алдағы күндері атмосфералық бөлімдердің өтуімен ҚР басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.
Қазгидромет мәліметінше, найзағай болып, жаңбыр жауады, 28 шілдеде солтүстікте, 28-29 Шілдеде шығыста, оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі.
27 шілдеде оңтүстік-шығыста, 27-28 шілдеде батыста, оңтүстік-батыста, 28-29 шілдеде Қазақстанның солтүстік-батысында 40-43 градус қатты ыстық болады деп күтілуде.