Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады

30 Қаңтар 2023, 13:24 1834

Синоптиктер 31 қаңтар мен 2 ақпан аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, республиканың солтүстік жартысы жоғары атмосфералық қысым өрісінің ықпалында болады, соған байланысты аязды ауа райы сақталады.

«Елдің оңтүстік жартысында ауа райы жауын-шашын өтетін оңтүстік циклонмен анықталады. 2 ақпанда жауын-шашын болып, ауа температурасы 5-12 градусқа дейін жылы болады», делінген синоптиктердің хабарламасында.

EL.KZ
Бөлісу: