"Қазгидромет" РМК синоптиктері алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мамандардың деректеріне сәйкес, 2024 жылғы 26, 27 және 28 қарашада Қазақстан бойынша тұрақсыз ауа райы күтілуде. Еліміздің оңтүстігінде желдің екпіні секундына 28 метрге жетеді.
Тек батыста, оңтүстік-батыста және оңтүстіктің таулы аймақтарында, 28 қарашада күндіз еліміздің солтүстігінде және орталығында атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен жауын-шашын (жаңбыр, қар) және көктайғақ болжанады.