Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады

5 Ақпан, 12:14 807

Қазгидромет 6-8 ақпанға ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстанның басым бөлігі әлі күнге дейін қатты жауын-шашынның түсуіне ықпал ететін терең солтүстік-батыс циклонының ықпалында болады: солтүстік өңірлерде негізінен қар түрінде, ал оңтүстік өңірлерде жаңбыр мен ылғалды қар түрінде, сондай-ақ бұрқасынмен желдің күшеюі, көктайғақ пен тұман күтіледі.

Температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: