Алдағы үш күн жауын-шашынды болады

24 Шілде 2023, 21:25 801

Елімізде алдағы үш күн бойы елімізде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

«Қазгидромет» РМК синоптиктері осындай болжам жасады.

Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде атмосфералық бөліктердің өтуімен найзағай ойнап, екпінді жел соғады, солтүстікте, шығыста бұршақ жаууы мүмкін, 27 шілдеде облыстың шығысында қатты жаңбыр жауады. Солтүстік-батыс антициклонының әсерімен 25-26 шілдеде оңтүстікте, 27 шілдеде елдің батыс аймақтарында жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі. Температуралық фонда күрт өзгерістер жоқ, - деп болжайды синоптиктер.

Берік Арманов
Бөлісу: