Алдағы сегіз жылда сұранысқа ие болатын мамандықтар аталды

4 Мамыр 2023, 15:09 1113

Еңбек ресурстарын дамыту орталығының базалық болжамына сәйкес, 2023-2030 жылдары жалдамалы қызметкерлерге сұраныс 1,9 млн адамды құрайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ең көп сұраныс 2028 жылға тура келеді, өйткені осы жылға дейін әйелдердің зейнеткерлік жасын арттыру тоқтатылады.

lsm.kz мәліметінше, ең көп қажеттілік білім беру (395,6 мың адам), ауыл шаруашылығы (196,3 мың адам) және сауда (193,2 мың адам) салаларында болады. Оқытушыларға деген сұранысты бала туу көрсеткішінің артуымен байланыстыруға болады.

Өңірлер бойынша жалдамалы жұмыскерлерге ең жоғары сұраныс Астана, Алматы және Шымкент қалаларында болмақ.

2030 жылға дейінгі ең танымал 10 мамандық: бухгалтерлер (92 мың адам); күзетшілер, инкассаторлар және соған ұқсас кәсіптер (77,8 мың адам); дүкен сатушылары және олардың көмекшілері (70,2 мың адам); әлеуметтік ғылымдар бойынша орта мектеп мұғалімдері (45,2 мың адам); автомобиль жүргізушілері (45,1 мың адам), орта медициналық персонал (40 мың адам); жаратылыстану ғылымдары бойынша орта мектеп мұғалімдері ( 37,9 мың адам); мектепке дейінгі білім берудегі тәрбиешілер (36,1 мың адам); қонақүйлер мен соған ұқсас мекемелердегі тазалаушылар мен қызметшілер (34,6 мың адам); бастауыш сынып мұғалімдері (32,3 мың адам).

Мадина Асылбекова
Бөлісу: