«Қазгидромет» РМК мамандары алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Синоптиктердің мәліметінше, таяудағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде Атлантикалық циклонының ықпалымен тұрақсыз ауа-райы сақталады. Жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ және тұман болжанады. 30 қазанда республиканың батысында қатты жаңбыр жауады, сонымен қатар жел күшейеді.
Температуралық режимде айтарлықтай өзгерістер болмайды деп күтіледі.