Алдағы күндері аяз күтіледі

16 Сәуір, 17:25 1352

Қазгидромет 17, 18, 19 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Республиканың басым бөлігінде жауын-шашын жауады, ал 17 сәуірде елдің шығысында қатты жауын-шашын жауады.

Қазақстанның солтүстігінде, орталығында және шығысында түнде 1-6 градусқа дейін, күндіз 1-8 градусқа дейін ауа температурасы төмендейді, елдің оңтүстігіндегі таулы және тау бөктеріндегі аудандарда түнде қар мен жаңбыр түрінде жауын-шашын жауады, күндіз де жаңбыр жауады, түнде 3 градусқа дейін аяз болады.

Тек Қазақстанның батысында ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады және ауа температурасы күндіз 17-22-ден 23-28 градусқа дейін біртіндеп көтеріледі.

Қазақстан бойынша екпіні 15-20 м/с дейін жел күшейеді, түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түседі.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: