Алдағы күндері 45 градус ыстық күтіледі

24 Шілде, 14:52 564

«Қазгидромет» РМК мамандары алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алдағы күндері антициклон жотасы циклонды еліміздің солтүстік-батысына қарай біртіндеп ығыстырмақ. Атмосфералық фронттардың өтуімен Қазақстан аумағының басым бөлігінде жаңбыр, найзағай және желдің күшеюі күтіледі. Ал жаңбыр солтүстік-батыста, 25 шілдеде батыста, шығыста, 26-27 шілдеде солтүстігінде жауады.

Ауа температурасы күндіз батыста +23+33°С дейін, солтүстік-батыста +15+28°С дейін, солтүстікте +18+28°С дейін, орталықта +25+35°С дейін төмендейді, шығыста +25+37℃ дейін, оңтүстікте +35+45℃ дейін, оңтүстік-шығыста +35+43℃ дейін жоғарылауы болжанады.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: