Алдағы күндері 40 градусқа дейін күн ысиды

12 Маусым, 15:47 576

Синоптиктер Қазақстанда 13, 14 және 15 маусымда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.

Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін; 13-15 маусымда шығыс пен орталықта, 14 маусымда елдің солтүстігі мен оңтүстік-шығысында нөсер жауады деп күтіледі.

Елдің батысында күндіз ауа температурасы +33...+40 градус ыстыққа дейін көтерілсе, елдің солтүстігінде, орталығында +20...+28-ден +25...+30 градусқа дейін, оңтүстікте +27...+35-тен +30...+40 градусқа дейін, оңтүстік-шығыста +22...+30-дан +25...+35 градусқа дейін, шығыста +22...+30-дан +20...+28 градусқа дейін шамалы төмендейді.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: