Алдағы күндері 35 градусқа дейін күн ысиды

29 Мамыр, 17:33 741

Қазгидромет 30 мамыр – 1 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алдағы үш күнде солтүстікте, солтүстік-батыста, шығыста және орталықта  ауа-райының тұрақсыз сипаты күтіледі. Ал 1 маусымда республиканың батысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа-райыны құбылмалы болады. Жаңбыр, найзағай, бұршақ және екпінді жел болады.

Еліміздің оңтүстігінде жоғары қысымның әсерінен жауын-шашын тоқтайды. Алайда Баренц теңізі аудандарынан жоғары қысымның енуінен 31 мамырда солтүстік-батыста, 31 мамыр мен 1 маусымда солтүстікте, 1 маусымда шығыста 3 градусқа дейін үсік болжанады. Күндіз республиканың көп бөлігінде ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды. Еліміздің батысында, оңтүстігінде 27-35 градусқа дейін жылынады. Солтүстік-батыс, солтүстік пен орталықта 15-25 градусқа дейін, оңтүстік-шығыста 22-27 градусқа дейін, шығыс облыстарда ауа температурасы 10-20 градусқа дейін болжанған.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: