Алдағы күндері 28 градусқа дейін аяз болады

21 Қараша 2022, 12:25 1187

Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде жел күшейіп, көктайғақ, тұман болады

Қазгидромет синоптиктері 21-23 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы үш күнде барикалық түзілістердің жылдам өзгеруі мен атмосфералық процестердің шиеленісуі салдарынан Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болады. Солтүстік, орталық және шығыс облыстарда қар аралас жаңбыр жауады. 22-24 қарашада Республиканың оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), 23 қарашада шығыста қалың қар жауады.

"Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде жел күшейіп, көктайғақ, тұман болады. Солтүстікте, шығыста және орталықта - қарлы боран болып, түнде ауа температурасы 17-28 градусқа дейін төмендейді", - делінген хабарламада.

EL.KZ
Бөлісу: