Алдағы екі жылда еліміздегі жолаушылар ұшағы 150-ге жуықтайды

26 Қараша 2023, 10:26 637

Қостанайда облыс орталығының әуежайын қайта жаңартудың қаншалықты орынды екендігі туралы мәселе көтеріліп отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі көлік министрлігіне сілтеме жасап. 

Көлік министрі Қостанай облысына жұмыс сапары барысында дәстүрлі түрде өңір тұрғындарымен кездесіп, азаматтарды жеке қабылдады.

Облыс тұрғындарымен кездесуде 70-ке жуық жергілікті кәсіпкер, қоғам белсенділері мен БАҚ өкілдері келді. Өңір тұрғындары облыстың көлік инфрақұрылымының нашарлап кетуіне қатысты мәселелерді көтерді. Автожолдардың сапасы, елді мекендер ішінде және қала арасындағы автобус қатынасы мен теміржол көлігіндегі сервистің төмен деңгейі де талқыланды.

Бұдан басқа, облыс тұрғындары ведомство басшысынан Қостанай әуежайын қайта жаңартудың қаншалықты орынды екендігі жөнінде сұрады. Өйткені билеттің қолжетімсіздігіне байланысты авиакөлік өңірде аса сұранысқа ие емес.

Әуе қатынасына қатысты сұрақтар қоғамда жиі талқыланатын мәселе. Билеттер қымбат, ол рас. Қазірі таңда жаңа лоукостермен халықаралық компанияның отандық нарыққа шығу мәселесін пысықтап жатырмыз. Бәсекелестік пайда болса, сәйкесінше билет құны да төмендейді. Сонымен қатар азаматтардың әл-ауқаты да өсіп келеді. Бұл әуе тасымалдарға деген сұраныстың жыл ішінде 27пайызға өсуімен түсіндіріледі. Аталған сұранысты қанағаттандыру үшін біз жаңа ұшақтарды сатып ала бастадық. Биыл тағы 11 ұшақ сатып аламыз, содан кейін Қазақстанда 100 ұшақ болады. Ал 2025 жылға қарай отандық жолаушылар авиакомпанияларының 145 жеке борты болады деп жоспарлап отырмызСондай-ақ жаңа авиа маршруттарды іске қосу жоспарымызда бар», - деді Марат Қарабаев.

Министрдің жеке қабылдауына автобуспен жолаушылар тасымалын ұйымдастыру және Яндекс такси мен Индрайвер агрегаторларының қызметіне қатысты мәселелер бойынша азаматтар жазылдыАзаматтардың арқалап келген өтініштерін мұқияттыңдаған соң министр аталған мәселелерді шешуүшін нақты ұсыныстар қажет екендігін тілге тиек етіп, келесі аптада тасымалдаушылардың мәселелерін егжей-тегжейлі талқылау үшін тағы бір кездесу ұйымдастырылатынын айтты.

Асқар Таудай
Бөлісу: