Алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады

21 Сәуір 2023, 21:26 896

"Қазгидромет" РМК алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

Синоптиктер болжамынша, Қазақстанның басым бөлігінде ауа райын Қара теңіз аудандарынан жылжыған кезекті циклон анықтайды.

Циклон батыстан шығысқа қарай жылжып, жаңбыр түрінде жауын-шашын тудырады. Оңтүстік өңірлерде найзағай жарқырап, шаңды дауыл соғуы мүмкін, – делінген синоптиктердің хабарламасында.

Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.

EL.KZ
Бөлісу: