Алдағы аптада спортшыларымыз қандай жарысқа қатысады?

2 Наурыз, 16:49 434

3-9 наурыз аралығында өтетін спорттық іс-шаралар кестесі жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

3-6 наурыз: Пара садақ атудан жабық кешендегі ел чемпионаты 

Сайысқа еліміздің 8 өңірінен 60 спортшы қатысады.

Өтетін орны: Шымкент қ.

 

3-7 наурыз: Фристайл-могулдан Еуропа кубогі кезеңі

Жарысқа ел құрамасынан 2 спортшы қатысады.

Өтетін орны: Била тау-шаңғы курорты, Чехия.

 

3-9 наурыз: Биатлоннан Әлем кубогінің 7-кезеңі

Бұл сында ел намысын 8 спортшы қорғайды.

Өтетін орны: Нове-Место-на-Мораве қ., Чехия.

 

4-10 наурыз: Спорттық гимнастикадан Әлем кубогі кезеңі 

Ұлттық құраманың 4 спортшысы бақ сынайды.

Өтетін орны: Баку қ., Әзербайжан.

 

5-10 наурыз: Кикбоксингтен ересектер арасындағы Әлем кубогі

Сайысқа 40 елден 800 спортшы қатысады. Қазақстан құрамасынан 37 спортшы жүлдеге таласады.

Өтетін орны: Езоло қ., Италия.

 

6-8 наурыз: Семсерлесуден Әлем кубогі 

Ел намысын 4 спортшы қорғайды.

Өтетін орны: Падуя қ., Италия.

 

6-12 наурыз: Пара биатлоннан Әлем кубогі

Жарыста 3 жерлесіміз өнер көрсетеді.

Өтетін орны: Торсби қ., Швеция.

 

6-17 наурыз: Бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты

Әлем біріншілігінде 10 боксшымыз жұдырықтасады.

Өтетін орны: Ниш қ., Сербия.

 

7-11 наурыз: Допты хоккейден Қазақстан чемпионаты

Ішкі біріншілікке 13 өңірден 100 спортшы қатысады.

Өтетін орны: Алматы қ.

 

8-9 наурыз: Дзюдодан жасөспірімдер арасындағы Еуропа кубогі

Жарыста отандық 8 спортшы белдеседі. 

Өтетін орны: Портимао қ., Португалия.

Перизат Саденова
Бөлісу: