Алдағы аптада қазақстандық спортшылар қандай жарыстарға қатысады

Бүгiн, 14:21 167
17-23 наурыз аралығында өтетін спорттық іс-шаралар кестесі жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

17-21 наурыз: Пара пауэрлифтингтен командалық және жастар арасындағы ел чемпионаты
Біріншілікке еліміздің 17 өңірінен 150-ден астам спортшы қатысады.
Өтетін орны: Талдықорған қ.

18-24 наурыз: Спорттық гимнастикадан Әлем кубогі кезеңі
Қазақстан атынан 6 спортшы қатысады.
Өтетін орны: Анталия қ., Түркия.

20 наурыз: Ұлттық ойындар бойынша көрсетілімдер
Ойын түрлері: теңге ілу, садақ ату, қыз қуу, көкпар, асық ату, құс баптау, атқа міну дәстүрі.
Өтетін орны: Астана қ., «Арғымақ» ат спорты және денсаулықты сақтау кешені.

20-23 наурыз: WKF каратэден жасөспірімдер арасындағы ҚР чемпионаты
Чемпионатқа еліміздің 16 өңірінен 400 спортшы қатысады.
Өтетін орны: Тараз қ.

21-23 наурыз: Биатлоннан Әлем кубогінің 9-кезеңі
Қазақстан құрамасынан 7 спортшы сынға түседі.
Өтетін орны: Осло қ., Норвегия.

21-24 наурыз: Шаңғымен тұғырдан секіруден Әлем кубогі кезеңі
Ел намысын 2 отандасымыз қорғайды.
Өтетін орны: Лахти қ., Финляндия.

21-24 наурыз: Көркем гимнастикадан Aphrodite Cup халықаралық турнирі
Ел құрамасы сапынан 16 спортшы сынға түседі.
Өтетін орны: Афина қ., Греция.

21-25 наурыз: Альпинизмнен ел чемпионаты
Ішкі біріншілікке 10 өңірден 80 спортшы қатысады.
Өтетін орны: Алматы обл.

22-25 наурыз: Пара дзюдодан Әлем кубогі
Ел намысын 10 спортшы қорғайды.
Өтетін орны: Тбилиси қ., Грузия.

22 наурыз – 1 сәуір: Су полосынан U20 Азия чемпионаты (ерлер мен әйелдер)
Аталған жарысқа Қазақстан құрамасы да қатысады.
Өтетін орны: Сингапур қ., Сингапур.9314:08
 
Перизат Саденова
Бөлісу: