Алдағы аптада қазақ спортшылары қандай жарыстарда бақ сынайды

Бүгiн, 15:50 170
Туризм және спорт министрлігі 3-9 ақпан аралығында өтетін спорттық іс-шаралар кестесін жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
 
3-9 ақпан – бокстан халықаралық Boxam Elite Tournament турнирі
Ұлттық құрама сапынан 13 боксшы өнер көрсетеді.
Өтетін орны: Испания, Аликанте қ.
 
3-9 ақпан – пара биатлоннан әлем чемпионаты
Жаһандық додаға отандық 7 параспортшы қатысады.
Өтетін орны: Словения, Поклюка қ.
 
5-9 ақпан – жасөспірімдер арасындағы спорттық және жауынгерлік самбодан ел чемпионаты
Жарысқа 15 өңірден 100-ден астам спортшы қатысады.
Өтетін орны: Түркістан қ.
6-8 ақпан – семсерлесуден Әлем кубогі (шпага, ерлер)
Бұл бәсекеде Қазақстан құрамасынан 9 спортшы бақ сынайды.
Өтетін орны: Германия, Хайденхайм қ.
 
6-13 ақпан – пара жеңіл атлетикадан әлемдік Гран-при сериясы
Ел құрамасынан 3 параспортшы сынға түседі.
Өтетін орны: БАӘ, Дубай қаласы.
 
7-9 ақпан – шорт-тректен әлемдік тур кезеңі
Жарысқа 4 спортшымыз қатысады.
Өтетін орны: Нидерланды, Тилбург қ.
 
 7-9 ақпан – семсерлесуден Әлем кубогі (шпага, әйелдер)
Үш отандасымыз жүлдеге таласады.
Өтетін орны: Испания, Барселона қ.
 
7-9 ақпан – семсерлесуден Гран-При турнирі
Жарыста 3 отандасымыз өнер көрсетеді.
Өтетін орны: Италия, Турин қ.
 
7-16 ақпан – тас жолдағы велоспорттан Азия чемпионаты
Сары құрлық додасынан ел намысын 15 спортшы қорғайды.
Өтетін орны: Таиланд, Фитсанулок қ.
 
8-15 ақпан – Жамбы атудан Әлем чемпионатының іріктеу кезеңі
Жарысқа 7 елден (Қазақстан, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Иран, Ресей, Пәкістан) 28-ге жуық спортшы қатысады.
Өтетін орны: Пәкістан, Исламабад қ.
 
9-22 ақпан – нысана көздеуден Азия кубогі
Ел құрамасынан 16 спортшы бақ сынайды.
Өтетін орны: Таиланд, Бангкок қ.
 
Перизат Саденова
Бөлісу: