Алдағы 2 күнде республика бойынша температура төмендейді - Қазгидромет

15 Мамыр 2023, 17:30 1036

«Қазгидромет» синоптиктері 16-18 мамыр күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Екі-үш күнде жаңбыр жауады, найзағай жарқылдап, бұршақ түседі.

16-17 мамырда оңтүстік-батыста, 16-18 мамырда солтүстік-батыста және оңтүстікте, 17-18 мамыр орталықта, 18 мамырда еліміздің оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр болады деп болжанып отыр.

Сондай-ақ республика бойынша жел екпіні күшейеді.

Республика бойынша температура төмендейді. Түнде еліміздің солтүстік жартысында 3 градусқа дейін үсік болады.

Күндізгі уақытта еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде ауа температурасы 13-18 градус жылыға дейін, еліміздің қалған бөлігінде 15-23 градус жылыға дейін төмендейді.

Равиль Ашығали
Бөлісу: