Алдағы күндері ауа райы салқындайды

27 Шілде 2022, 13:06 1848

Үш күнде аптап ыстықтың беті қайтады

Қазгидромет мәліметінше, 28-30 шілде аралығына Қазақстанның солтүстік бөлігіндегі метеорологиялық жағдай нашарлай бастаған, деп хабарлайды El.kz

Мұның себебі - республиканың аумағын ыстық оңтүстік пен салқын солтүстікке бөлген атмосфералық фронттар. Біртіндеп жылжыған фронтттар елдің солтүстік жартысында, содан кейін шығысында, оңтүстік-шығысында найзағайға, желдің күшеюіне, кей жерлерде бұршақтың жаууына әкелуі мүмкін. Мұның бәрі солтүстікте күндізгі ауа температурасының төмендеуіне және елдің оңтүстік жартысында ыстықтың бәсеңдеуіне ықпал етеді.

Күндізгі уақытта Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде ауа температурасы күндіз +20 +30°С-тан +15 +25°С-қа дейін, елдің орталығында +25 +33 °С-тан +18 +27°С-қа дейін, шығыс облыстарда аптап ыстық +25 +35°С-тан +19+29°С -қа дейін төмендейді.

Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында ауа температурасы +30 +39°С-тан +25 +36°С-қа дейін сақталады.






Бөлісу: