Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады

1 Шілде 2022, 19:44 1814

Синоптиктер2-4 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды

Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы салқын болады, деп хабарлайды El.kz «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Республиканың басым бөлігіндегі ауа райына оңтүстік циклон ықпал етеді. Салдарынан күн күркіреп, жаңбыр жауады.

«2 шілдеде батыста, 3 шілде солтүстік-батыста, 4 шілде оңтүстікте, орталықта қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсуі мүмкін. Дауыл соғып, жел күшейеді. Қазақстанның барлық аумағында ауа райы салқын болады», - делінген хабарламада.


Бөлісу: