Алдағы сенбіде кәріс халқы Жаңа жылды бірге мерекелеуге шақырады

23 Қаңтар 2020, 13:59 2514

25 қаңтар күні «Жастар» театрының ғимаратында Нұр-Сұлтан қаласының кәрістер этномәдени орталығы елордалық Қазақстан халқы ассамблеясы мен Кәрістер қауымдастығының қолдауымен ай күнтізбесі бойынша келетін Жаңа жыл мерекесін тойлауға шақырады.

Мерекелік іс-шараға Қазақстан Республикасындағы Корея Республикасының Елшісі Ким Дэ-Сик, Нұр-Сұлтан қаласы кәрістері қауымдастығының мүшелері және елордалық этномәдени бірлестіктердің басшылары қатысады деп күтілуде.

Бөлісу: