Алдағы күндері елдің оңтүстігінде 3 градусқа дейін үсік жүреді

12 Қыркүйек 2022, 12:21 842

Шығыстың таулы аудандарында, оңтүстік-шығыста түнде жаңбыр жаңбырдың соңы қарға ұласуы мүмкін

Қазгидромет алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды El.kz.

Қазақстанның солтүстік жартысына солтүстік-батыс суық антициклон әсер етеді. Республиканың батысында, солтүстік-батысында, шығысында, оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен жаңбыр жауады. Шығыстың таулы аудандарында, оңтүстік-шығыста түнде жаңбыр жаңбырдың соңы қарға ұласуы мүмкін.

14-15 қыркүйекте шығыста қатты жаңбыр жауады. Республика бойынша жел күшейеді. Түнгі уақытта солтүстікте, солтүстік-батыста, орталықта, 15 қыркүйекте шығыста, Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда 3 градусқа дейін үсік күтіледі.

Бөлісу: