Алдағы демалыс күндері ауа райы салқындайды

9 Қыркүйек 2022, 19:33 1266

Eлдің солтүстігі мен орталығында 3 градусқа дейін үсік жүреді

Скандинавия түбегінің ауданынан жылжыған антициклон Қазақстан аумағына әсер етеді, деп хабарлайды El.kz

«Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен, 11-12 қыркүйекте жауын-шашынның ықтималдығы республиканың басым бөлігінде байқалады. Елдің солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жел соғып, жаңбыр және бұршақ жаууы мүмкін. 10-12 қыркүйекте батыста, 10 қыркүйекте шығыста, 11-12 қыркүйекте солтүстік-батыста, 12 қыркүйекте солтүстік және орталықта түнде топырақ бетінде 1-3 градус үсік жүреді», - делінген хабарламада.

Бөлісу: