Альбина Шардарова: «Қуандықтың ұсынысын бірден қабылдадым»

22 Мамыр 2023, 23:40 1471

Танымал әнші Альбина Шардарова «Жақсы адамдарым» бағдарламасында осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Жобаға қонақ ретінде келген әнші Қуандық Рахыммен таныстығы туралы айтты.

Біз Қуандықпен бір үйдің балаларындай боп кеттік. Міне, танысқанымызға жеті жылдан асты. Сахнаға алғаш рет Қуандықтай азаматпен шыққаныма мақтанамын. Екеуміз үлкен сахнаға шықпай тұрып таныстық. 2016 жылы «Уайымдама» және «Сенің күлкіңнен аумайды» әндері жастар арасында хит болып жатқан. Ол кезде студентпін, гитарамен өлең айтып жүретінмін. Бір әнін инстаграмға жүктедім. Сол кезде Қуандықпен таныстыө. Шамамен бір жылдан кейін: «Маған сәйкес, өзімізге ұнайтын қыз іздеп жатырмыз. «Болайық бірге» әнін айтуға ұсыныс жасасам бола ма?», - деді. Бұл кезде бейнебаянның түсіріліміне бір апта қалған еді. Бірден келістім, қуана-қуана. Бұл Қуандық екеумізге үлкен септігін тигізген ән болды, - деді Альбина Шардарова.

Альбина Шардарова мен Қуандық Рахым бірнеше хит әндерді дуэт ретінде орындап шыққан. «Болайық бірге» әні көпшілік арасында кеңінен танымалдыққа ие болды.   

Берік Арманов
Бөлісу: