Алаяқтық жасады деген қазақстандық Сауд Арабиясында ұсталды

Кеше, 15:46 220

2018 жылы халықаралық іздеу жарияланған қазақстандық Сауд Арабиясында ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Polisia.kz мәліметінше, Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында Қазақстан ІІМ Интерпол ұлттық орталық бюросының сұрау салуы бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (Алаяқтық) 190-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмысты жасады деген күдікпен халықаралық іздеуге жарияланған ер адам ұсталды.

2018 жылдың жазында Алматы қаласында күдікті Өзбекстаннан көкөністер мен жемістерді жеткізу сылтауымен жергілікті тұрғындардың бірінің 5 млн теңге қаражатын иемденген.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: