Алаяқтық үшін іздеуде жүрген қыз Бішкекте ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша Бішкек халықаралық әуежайында аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген 26 жастағы қыз ұсталды.
2023 жылдың жазында ол өзге адамдармен бірге банктердің бірінің клиенттерін алдау арқылы банк қосымшасының көмегімен ақша ұрлаған. Келтірілген шығын 237 миллион теңгеден асады.