Алаяқтар жасанды интеллект пен таргеттік жарнаманы қолдануда

Кеше, 17:02 363

Ішкі істер министрлігі жасанды интеллект пен таргеттік жарнаманың көмегімен жасалатын алаяқтық туралы ескертеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Таргеттік жарнама - бұл әлеуметтік желілерде және онлайн-платформаларда ақпаратты белсенді түрде ілгерілету мақсатында қолданылатын әдіс. Оны бүгінде алаяқтар да пайдалануда. Бұл жалған инвестициялық қорлар немесе алаяқтар ұрлаған қаражатты қайтаруға бағытталған қызметтер болуы мүмкін. 

Жарнама жасау кезінде кибералаяқтар танымал тұлғалардың, адвокаттардың видеоларын негізге ала отырып, халықты сендіру үшін оны жасанды интеллект арқылы бұрмалайды. 

2024 жылы 2,5 мыңнан астам азамат өз қаражатын жалған инвестициялық қорларға салған. 

Адамдар жоғалтқан ақшаларын қайтару үшін басқа алаяқтардан көмек сұрап, одан да үлкен сомадан айырылатын жағдайлар да кездеседі. Мысалы, Қарағанды облысының тұрғыны тауарды онлайн түрде сатып алуға жұмсаған 40 мың теңгесін қайтарғысы келіп, басқа алаяқтардың құрығына түсіп, 11 млн теңгеден астам шығынға ұшыраған.  

Алаяқтық жарнамаларды қалай тануға болады: 

Сақ болыңыз және күмәнді ұсыныстарға алданбаңыз, тек ресми дереккөздерге сеніңіз, - деп атап өтті ІІМ.

Перизат Саденова
Бөлісу: