Алаяқтар енді балалар омбудсменінің атын жамылып, халықты алдауда

12 Шілде, 00:20 670

Алаяқтар енді Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің атын жамылып, жұртты алдауға көшкен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы балалар омбудсмені Динара Закиева желі парақшасында жазып, дабыл қақты. 

Құрметті достар! Менің атымнан хабарламалар жіберіп жатқан жалған WhatsApp аккаунты туралы ескерткім келеді. Бұл - алаяқтар! Менің жалғыз WhatsApp нөмірім +7 705 884 7040. Басқа нөмірлерден менің атымнан деп мәлімделген хабарламаларға мән бермеңіздер,-деп жазды Динара Закиева.

Перизат Саденова
Бөлісу: