Алаяқтар өзін полиция қызметкері ретінде таныстыратын болған

12 Тамыз 2022, 22:38 1164

Олар банк қызметкерлеріне қатысты тергеу жүргізіліп жатқанын айтып, құрбандарын сендіруге тырысады.

Солтүстік Қазақстан облысында интернет-алаяқтар "банктен қоңырау шалу туралы" бұрынғы әдістерін қолданар алдында, өздерін полиция немесе прокуратура қызметкеріміз деп таныстыратын болған, деп хабарлайды El.kz.

Олар банк қызметкерлеріне қатысты тергеу жүргізіліп жатқанын айтып, құрбандарын сендіруге тырысады.

Сондай бір алаяқ Мағжан Жұмабаев ауданының тұрғынына қоңырау шалып, өзін СҚО ПД бастығының орынбасары Руслан Назаровпын деп таныстырған. Ер адам оның айтқанына сенбей, сөйлесуді жазып алып, болған жағдай туралы полицияға хабарлаған.

– Осындай жағдайлар жиі кездеседі. Алаяқтар адамға психологиялық қысым көрсетуге тырысады, ойлануға мүмкіндік бермей асықтырады. Криминалдық полиция қызметкерлері телефонмен мұндай сөйлесуге бармайтынын есте сақтаған жөн. Олар куәгер немесе күдікті ретінде адамнан жауап алады, бұл әрекет тек алдын ала хабарлама жіберіліп, жеке кездесу кезінде жүзеге асады, – дейді ПД бастығының орынбасары Руслан Назаров. 

СҚО-да соңғы 7 айда 464 интернет-алаяқтық тіркелген. Оның 129-ы «банктен қоңырау шалу» схемасын қолданған.

EL.KZ
Бөлісу: