Алатау шаһарын дамыту кезінде Дубай мен Сингапурдың тәжірибесі ескеріледі

24 Қараша 2023, 14:21 1556

Үкіметте премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте Алматы облысында Алматы және Қонаев қалаларының арасында Алатау шаһарының (G4 City) құрылысы жобасын іске асыру мәселелері талқыланды.

Орталық мемлекеттік органдардың және өңір әкімдігі басшыларының қатысуымен қаланы дамыту тәсілдері қаралды.

Жоспарға сәйкес ол отандық және шетелдік инвестицияларды тарта отырып, жаһандық стандарттар бойынша жұмыс істейтін Халықаралық бизнес-хабқа айналуы тиіс.

Бұл ретте Дубай, Сингапур, Тяньцзинь және т.б. сияқты әлемнің әйгілі орталықтарын құру тәжірибесі негізге алынбақ. Атап айтқанда, Алатау қаласын дамыту Қытаймен және Орталық Азия елдерімен сауда және инвестициялық өзара іс-қимыл деңгейін арттыруға, бірқатар жаңа өндірістік және коммерциялық жобаны іске қосуға, түрлі салаларда озық тәжірибені енгізуге мүмкіндік береді.

Осы мақсатта инвестициялар тарту және кәсіпкерлік қызметті жүргізу үшін қолайлы жағдайлар жасалып, ынталандыру шаралары көзделетін болады.

Бұл соның ішінде салық және кедендік артықшылықтарға да қатысты.

Сонымен қатар Алатау қаласының аумағында ерекше құқықтық режимді, оның ішінде АХҚО құқығын енгізу мүмкіндігі қаралатын болады.

Премьер-министр іске асыру кезінде халықаралық тәжірибені ескеріп, тиімділігі жоғары шараларды қолдану қажеттігін атап өтті.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: