«Алаңдауға негіз жоқ». Премьер-министр маймыл шешегі туралы айтты

20 Тамыз, 10:28 355

Премьер-министр Олжас Бектенов әлемде таралып жатқан індетке қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оның сөзінше, әзірге алаңдауға негіз жоқ.

Елімізде қауіпті індетті жұқтыру жағдайы тіркелген жоқ. Алайда арқаны кеңге салуға болмайды. Денсаулық сақтау министрлігі ахуалды әрі қарай бақылауда ұстап, жұқпалы аурудың ел аумағында таралу қаупін болдырмау бойынша алдын алу шараларын қабылдасын. Әсіресе, әуежайлар мен шекарадағы өткізу бекеттеріне қатысты, - деді Бектенов Үкімет отырысында.

Айта кетейік, ДСМ әуежайлар мен шекара өткелдерін қоса алғанда, санитариялық-карантиндік пункттерде бақылау шаралары күшейтті.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: