Ғаламтордың қызметіне айыппұл артқанымен сапасы бірқалыпты

22 Шілде 2022, 14:27 1456

Бұл туралы «Amanat» партиясының баспасөз орталығында Парламент мәжілісінің депутаты Екатерина Смышляева айтты

Еліміздегі ғаламтордың қызметінің сапасыз жұмысына байланысты операторларға салынатын айыппұл көлемі 10 есе артқанымен қызмет сапасында өзгерістер байқалмайды. Бұл туралы «Amanat» партиясының баспасөз орталығында Парламент мәжілісінің депутаты Екатерина Смышляева айтты, – деп хабарлайды El.kz.

– Ғаламтордың сапасыз қызметіне айыппұл салудағы біздің мақстымыз оның құнын көбейту емес, байланыс сапасын арттыру. Соңғы кездері елімізде ғаламтордың сапасыз қызметіне байланысты көп шағым келіп түсті. Осыған байланысты қазіргі таңда еліміздегі байланыс сапасын арттыру үшін арнайы мамандармен бірлесіп, оңтайлы жолын қарастырып жатырмыз, – деді Екатерина Смышляева.

Сондай-ақ, депутат еліміздегі байланыс операторларына мемлекет тарапынан қаражат бөлінбейді. Бірақ, олардың өзінің арнайы табатын табыстары жаман еместігін атап өтті.

– Еліміздің ауыл-аймақтарындағы байланыс жүйесіне аса мән берілмеген. Себебі, операторларға қаражат жағынан бұл тиімсіз. Бұған дейін операторларға ғаламтордың сапасыздығы үшін салынатын айыппұл көлемі 100 айлық есептік көрсеткіш болса, қазіргі таңда 1000 айлық есептік көрсеткішке дейін өсті. Енді операторлар өздерінің қызметі үшін сапалы жұмыс істеуге көшетін болады, – деді Екатерина Смышляева.

Миражан Махан
Бөлісу: