Алакөлге пойыздар мен автобустар қатынай бастады

5 Маусым 2023, 07:10 565

1 маусымнан бастап Алакөлге пойыздар мен автобустар қатынай бастады. Теміржол көлігі тақ күндері, ал жолаушылар автобусы күнделікті жүреді. Бұл туралы Altaynews сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Туристерге ыңғайлы болуы үшін жолға 15 вагон қойылды. Облыстық әкімдік өкілдерінің айтуынша, автобус билеттерінің құны 3,5 мыңнан жеті мың теңгеге дейін.

Пойыз плацкарт және купе-вагондардан құралған, жалпы 342 орын бар. Қазіргі таңда министрлік тасымалдаушыны таңдап жатыр. Қосымша облыс орталығынан Алакөлге күніне екі рет облысаралық автобустар қатынайды, – деді ШҚО Жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасының бөлім басшысы Қуаныш Акрамов.

Үкімет биыл көлік инфрақұрылымын дамыту нәтижесінде 2023 жылы елдегі туристік нысандарға тоғыз миллиондай қазақстандық келеді деп болжауда.

EL.KZ
Бөлісу: