Жетісу облысы Алакөл ауданында жеңіл көлік қар құрсауында қалып қойған. Оқиға «Үшарал-Достық» тас жолында болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Құтқарушылар "Трэкол" жол талғамайтын көлігімен жолға шығып, қар құрсауында қалған көлікке көмекке келді. Оның ішінде отырған жүргізушіні Достық станциясына жеткізді. Ол медициналық көмекке мұқтаж болмады. Сондай-ақ құтқарушылар қосымша жабық учаскені аралап шықты.