Алакөлде қайық бұзылып, 5 адам су айдынында қалып қойған

3 Тамыз, 02:30 1057

Жетісу облысында қайықтағы адамдар құтқарылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Алакөл көлінде 5 адам жағадан 15 шақырым қашықтыққа алыстап кеткен. Олар қайық қозғалтқышының ақаулығынан су айдынында қалып қойған.

ТЖМ қызметкерлері адамдарды жағалауға жеткізіп құтқарды. Демалушыларға медициналық көмек қажет болған жоқ,-деп атап өтті министрліктен.

Зарина Арман
Бөлісу: