Алакөлде дельтапланның суға құлау оқиғасы бойынша тергеу жүргізіледі

25 Шілде, 20:03 527

Алакөлде дельтапланның суға құлау дерегі бойынша тергеу амалдары жүргізілетін болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы Азаматтық авиация комитеті мәлімдеді.

Бүгін 25 шілдеде сағат 17.15-те Алакөл ауданы Ақши ауылында дельтаплан апаттық жағдайда қонды. Екі адам зардап шекті. Қазіргі уақытта зардап шеккендер ауруханаға жеткізілуде. Осы авиациялық оқиға бойынша тергеу жүргізілетін болады,-делінген ведомство мәліметінде. 

Еске салсақ, біз бұған дейін Алакөлде дельтаплан суға құлап, екі адам зардап шеккені туралы жаздық.

Перизат Саденова
Бөлісу: