ҚХА кафедралары мен орталықтарының өзекті мәселелері талқыланады

23 Қыркүйек 2019, 19:13 1924

24 қыркүйек күні сағат 15.00-де Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде (Сәтбаев көш., 2, 259 каб.) Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедралары республикалық қауымдастығының кеңейтілген отырысы өтеді.

Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Жансейіт Түймебаев, ҚР Білім және ғылым вице-министрі Фатима Жақыпова, ҚХА кафедраларының меңгерушілері, Ассамблеяның Ғылыми-сарапшылық кеңесінің мүшелері, жастар ұйымдарының өкілдері қатысады деп күтілуде.

Іс-шара барысында Мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» деп аталатын бірінші Жолдауын іске асыруда ҚХА кафедралары мен орталықтарының міндеттері талқыланады.

Бөлісу: