Актриса Жұлдызай Дүйсенбиева 8 жыл отасқан күйеуі ажырасқанын айтты

29 Мамыр 2023, 10:16 28799

Кезінде «Шаншар» әзіл-оспақ театрының арқасында жұлдызы жанған актриса Жұлдызай Дүйсенбиева 8 жыл бірге отасқан күйеуімен ажырасқанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Актриса соңғы кездері жиі ауырып жүргенін айтқан еді.

8 жылдан аса жаман келін болмадым, қолымнан келгенше тырыстым. Атам марқұм батасын беріп, «ризамын» деп көз жұмды. Атам керемет жан еді. Әттең, өмірден ерте кетті. Ол кісі барда қыз – төрде, келін – қызметте болып, бәрі өз орнымен жүретін. Ал қазір бәрі басқаша. Үлкен әжеміздің көзін көрмесем де түсіме еніп, орамал салып батасын о баста берген, -дейді Жұлдызай Дүйсенбиева.

Ол күйеуімен денсаулығына байланысты ажырасқан. Өйткені енді дүниеге сәби әкеле алмайды. Қазір бір қызы бар.

Күйеуіме өкпем жоқ, өте жақсы азамат, жақсы әке. Бірақ бұл өмір жан-жағымыздағы әңгімелер шыдатпады. Мен денсаулығыма байланысты Аянаттан басқа перзент өмірге әкеле алмадым. Осы қызыма шүкір дедім, Алла ғұмыр берсін. Сондықтан әркім бақытты болуға лайықты. Екеуіміз де бақытқа лайықпыз, - деді актриса.

 

Алмас Абылай
Бөлісу: