Актриса Гүлназ Жоланова танымал кәсіпкердің келіні екені белгілі болды

21 Сәуір 2023, 14:13 2373

Актриса Гүлназ Жоланованың жолдасы белгілі кәсіпкер Мұхтар Тойбазаровтың ұлы екені белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Отандық шоу-бизнестегі танымал актрисалардың бірі Гүлназ Жоланова 2023 жылдың ақпан айында тұрмысқа шыққан болатын. Үйлену тойының кадрларымен енді ғана бөліскен актриса өміріндегі маңызды күнді алғашында оқырмандарынан жасырып келген еді.

Оған себеп "күйеуім өнерге қатысы жоқ адам, оны бұл салаға мүлдем араластырғым келмеді", -  деп жазған болатын Гүлназ Жоланова.

Белгілі болғандай, Гүлназ Жоланованың күйеуінің әкесі – ресторандар желісінің иесі, белгілі кәсіпкер Мұхтар Тойбазаров. Өскемен қаласындағы бірнеше ресторан мен отельдердің иесі. 

Кәсіпкер "Пять звезд" ЖШС директоры және жалғыз құрылтайшысы, "Резиденция Остров" демалыс және демалыс орталығының негізін қалаушы.

EL.KZ
Бөлісу: