Актриса Анастасия Заворотнюк қайтыс болды

30 Мамыр, 11:42 1867

Ресейлік актриса Анастасия Заворотнюк 53 жасында өмірден өтті. Бұл туралы ақпаратты актрисаның туыстары Instagram желісіндегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Анастасия Заворотнюк ұзаққа созылған аурудан кейін қайтыс болған.

Құрметті достар! Бүгін түнде ұзақ және ауыр аурудан кейін біздің Настя өмірден өтті. Шын жүректен жақсылық тілеген, оның денсаулығы үшін дұға еткен әрбір адамға алғыс айтамыз. Настя әрқашан сіздердің қолдауларыңызды сезініп, бағалай білді, - делінген оның әлеуметтік желідегі парақшасында.

Сондай-ақ туыстары қоштасу орны мен уақыты туралы бүгін кешке қосымша хабарлайтыны жайлы жазды.

Айта кетейік, Анастасия Заворотнюк 1971 жылы 3 сәуірде Астрахан қаласында дүниеге келді. Ол 2019 жылдан бері ми ісігімен күресті. 

Ажар Лаубаева
Бөлісу: