Активтерді төмен бағамен сатып алу фактілері анықталды

3 Қараша 2022, 13:46 1874

Олигополиямен күрес қарқынды жүргізіліп жатыр

Экономикалық ресурстарды заңсыз шоғырландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия сонымен қатар олигополияның меншігіне берілген объектілерді сатып алу-сату шарттарын жарамсыз деп тану және мемлекетке қайтару бойынша жұмыстарды жүргізуде, деп хабарлайды El.kz

- Заңсыз иеліктен шығарылған объектілерді, берілген жер учаскелерін қайтару туралы 13 талап қою енгізілді. Алматы қаласының халықаралық әуежайында сауда дүкендерінің, барлар мен мейрамханалардың аймағын заңсыз сату фактісі анықталды. Олар 2003 жылы Алматы қаласының әкімі Храпуновтың жеке компанияға 333,7 млн теңге сомасында жоқ берешекті өтеу есебінен заңсыз берілгені анықталды. Прокуратура әуежай терминалының 1601,1 ш.м. үй-жайларына қатысты құқық белгілейтін құжаттарды заңсыз деп тану туралы сотқа талап қою берді, - деп хабарлады комиссияның ресми өкілі Зейін Әліпбек.

Соттар прокуратураның Алматы қаласындағы «Барыс-4» көтерме сауда нарығының үлесін сату және елордалық «Шапағат» коммуналдық нарығын жекешелендіру жөніндегі мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы талап қоюларын қанағаттандырды. Сот актілері заңды күшіне енгеннен кейін бұл объектілер мемлекет меншігіне қайтарылатын болады.

Кейбір басқа жекешелендірілген объектілер бойынша қабылданған шешімдердің заңдылығын тексеру жалғасуда.

10 млрд теңгеден астам сомаға мүлікті мемлекетке қайтару туралы прокуратураның тағы 10 талап қоюы соттардың қарауында жатыр, - деп хабарлады Зейін Әліпбек.

 

EL.KZ
Бөлісу: