Ақша үнемдеудің 5 құпиясы

8 Тамыз 2017, 11:38 26148

Өз қаржысын басқара алмайтындарға...

Маңыздысы –  қанша ақша табатыныңызда емес, оны қалай жұмсайтыныңызда

Көбісі «мен ақшаны үнемдей алмаймын» деп жатады. Расында, кез келгеніміміз ақшаны сақтай да, үнемдей де аламыз. Ол үшін төмендегі стратегияны жадымызға сақтап жүрсек жеткілікті.

Эмоцияны бақылауда ұстау!

Адамдардың психологиялық жағдайы ақшаға айтарлықтай зиянын тигізеді. Көңіл-күйді бір қалыпта ұстап жүрмеу, ақшаны бейберекет жұмсауға апарып соқтырады.

Көбісі қаржыны депрессияға қарсы құрал ретінде көреді. Сіз – өміріңіздегі кей мәселелер шаршатып жатса, көңіл күйіңізді қалыпқа келтіру үшін дүкен аралауға, пайдасыз заттарды сатып алуға асығасыз немесе тәтті тағам жеп, тиыныңзды босқа «төгесіз». Олай жасаудың қажеті жоқ! Орынсыз эмоцияңыз қалтаңызды жұқартады, қаржыңызды «жейді».  Айтпақшы, дүкенге тойып барған дұрыс. Статистикаға сүйенсек, қажетсіз заттардың 20%-ын адамдар аш болғандықтан алады екен. 

Қажетті заттардың тізімін жасау!

Қажетті заттарыңызды алып, кассаға келдіңіз. Ақшасын санап беріп, қайтарылған тиын-тебенді қалтаңызға салдыңыз. Ал чегін ше? Чек, сіздің шығыстарыңыз бен қажетті дүниелер тізімін тексеретін құжат деп білсеңіз де болады. Енді сатып алған заттарыңыздың тізіміне көз жүгіртіп шығыңызшы. Ондағы нәрселердің барлығы өте қажет пе? (әрине, ақша үнемдеу керек екен деп, ет немесе нан алмай қою туралы айтып жатқан жоқпыз).

Шын мәнінде, тізімнен шығарып тастауға әбден болатын заттар өте көп. Егер, керек емес дүниелерді көріп, олардан бас тартсаңыз, қаншалықты ақшаңыз үнемделгенін бірден байқайтын боласыз. Дүкенге алдын ала жасалған тізіммен баруды әдетке айналдырыңыз. Бұл сізді психологиялық тұрғыда тәртіпке үйретеді.

Баға мен құндылықтың айырмасы!

Уоррен Баффетт – әлемге танымал кәсіпкер, инвестор, бір сөзбен айтқанда планетамыздағы бай адамдардың бірі. Оның байлығы 66 млрд долларға бағаланады. Осындай байлығына қарамастан, Баффетт ең үнемшіл адам.

«Баға – сенің төлейтінің, ал құндылық – сен алатын нәрсе» дейді кәсіпкер. «Акция болсын, жәй ғана шұлық болсын, мен бағасы төмен көрсеткішке түскенде ғана сатып аламын. Дегемен, үнемдеу баға мен бағалылықтың айырмасын түсенгенде ғана пайдасын тигізеді. Бұл арзан нәрсеге «жабыса беру» дегенді білдірмейді, үнемдеу ол – бағалы затты ең төменгі бағада алу».

Отбасындағы үнемшілдік!

Көптеген отбасылар ақша мәселесіне берік болғанымен, жинау мүмкіндігі туа бермейді. Неге? Әрине, транспорт, тамақ,  коммуналды төлем, ойда-жоқта шығып қалған таныстардың тойы немесе туған күні жақсы жауап бола алады. Ақшаны үнемдеу мүмкін емес сияқты ма? Жоқ, олар жәй ғана қаржыны үнемдеуді білмейді.

Айлық ала сала, қымбат рестораннан тамақтанбай немесе достармен көңіл көтеруді сиретіп, орынсыз ақша жұмсаудың алдын алған жөн.

«Ақылды» шопинг

Қолма-қол төлем жасау үнемдеудің жақсы жолы. Сіз банк картасы арқылы төлеп үйренсеңіз, ондағы ақшаның қалай кетіп жатқанына ішіңіз ашымауы мүмкін. Сол секілді интернет-дүкендер де сіздің қаржыңыздың аз жұмсалуына ықпал етеді.

Кешбэк туралы да ұмытпаңыз! Арнайы сайттардан зат сатып алсаңыз, жұмсаған ақшаңыздың айтарлықтай бөлігі өзіңізге қайтып келеді!

Байығыңыз келсе, ақшаны байыппен жұмсаңыз!

Дана Мәулен
Бөлісу: